"Сенен боқтық естуге халық міндетті емес": Халыққа боқауыз сөз айтқан ШҚО-дағы ауыл әкімінің тағы бір былығы шықты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Белгілі болғандай желіні шулатқан ауыл әкімі ШҚО-дағы Шілікті ауылдық округінің әкімі болған.

Ол аталған видеодан кейін желіде шығып, барлығынан кешірім сұрады.

"Эмоцияға ерік беріп, орынсыз сөз қолданғаным рас. Сол үшін ауыл халқы мен әріптестерімнен кешірім сұраймын", - деді ол өз мәлімдесінде.

Десе де халық оның бұл әрекетіне жаппай қарсы шықты.