"Қазір 802 адам мен 57 техникадан құралған қалалық шұғыл топ тастүйін дайындықта отыр, бұған қоса ҚР ТЖМ-нің оперативтік тобы мен "Қазселденқорғау" мамандары келіп жетті, -деп хабарлайды ТЖ департаментіндегілер. Қосымша 16 бөгеттің әлсіз тұстары бекітілді. Сырдарияға таяу жатқан үйлердің тұрғындарына жару жұмыстары басталғаны туралы хабар берілді, жару жұмыстарын "Югвзрывпром" АҚ-ның жарғыштары жүзеге асырады.
Қызылорда облысының әкімі Мұхтар Құл-Мұхаммед кеше өткен селекторлық жиында Шардарада жобалық көлемі 5,2 млрд екеніне қарамастан, 5 миллиардтан астам текше метр су жиналғанына алаңдаушылық білдірді.
ТЖ департаментінің мәліметінше, су астында қалу қаупі бар аймақта Арай, Пищевик, Ягодка және басқа да саяжай массивтері қалатын түрі бар. Саяжай аумақтары жаппай дерлік су ішінде қалған былтырғыдай оқиғаға жол бермеу үшін билік кешенді шараларды ойластырды. Алайда, қауіпсіз жерлерге көшу қажеттігі туралы жазбаша хабарландыру мен ауызша ескертулерге қарамастан, саяжай тұрғындары өз мекендерін тастап кетуге асығар емес.
М. Құл-Мұхаммед облыстық ІІД-іне саяжай тұрғындарын көшіретін арнаулы топ құруға және олардың дүние-мүлкін тонаушылардан қорғауға тапсырма берді. "Біз кейбір болжамдарға қарамастан, топан суды лайықты қарсы алуымыз керек", -өңір басшысы.