"Сенсация жасаған": Әлімханұлының келесі қарсыласы кім?

Мұндай шешім Смит WBO чемпионына міндетті қарсылас болатынын білдіреді. Орта дивизиондағы бұл титул Жәнібек Әлімханұлында, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Vesti.kz сайтына сілтеме беріп.

Қаңтар айында Смит отандасы Крис Юбенкті нокаутқа түсіріп, сенсация жасаған. Юбенк келісімшартта көрсетілгендей қарымтаны талап ете бастады, бұл өз кезегінде Жәнібек пен Лиам жекпе-жегіне бөгет болып тұр.

Айта кетейік, Лиам Смит 2015-2016 жылдары бірінші орта салмақта WBO чемпионы болған.