Септикті тазалау кезінде 4 атыраулық уланып, біреуі көз жұмды

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.  

Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша,  24 маусым күні, сағат 12.45-те Мыңбаев көшесінде орналасқан Жерұйық ықшамауданында жеке үйдің ауласында 3 метр тереңдікте орналасқан септикті тазалау кезінде 26, 40, 50 және 57 жастағы төрт ер адам уланған.

«26 жастағы ер азамат ауруханаға жетпей, жедел жәрдем қызметінің кереуетінде  көз жұмды», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.


Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.