Сербияда той куәгері 6 адамды атып өлтіріп, соңында өз-өзіне қол жұмсады


Елдің Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, оқиға жексенбі күні елдің солтүстігіндегі Мартонош елді мекенінде болған. Ведомствоның мәліметтері бойынша тойда куәгер болған ер адам екінші күні мылтықпен туған-туыстары мен жас жұбайлардан тұратын 6 адамды атып өлтіріп, одан кейін өзін-өзі атып тастады. Оқиға себептерінің негізгі нұсқасы - отбасылық кикілжің. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.