Сергей Киселев өз телеарнасын сынаушыларды желідегі өтірік аккаунттар деп есептейді

Ол "КАРАВАН" газетіне берген сұхбатында тілішінің әлеуметтік желіде "Еуразия" арнасын сынаушылардың көбейгеніне қатысты сұрағына жауап бере отырып, осылай деп айтқан.  

"Бізді жерге қатысты митингілердің әдейі ұйымдастырылып жатқанын бірінші болып айтқанымыз үшін де сынады ғой. Әрине, бұл ақпарат жұртты дүрліктіріп жіберді. Иә, бұл жағымды жаңалық емес-тін. Бұған ешкімнің сенгісі келмеді. Бірақ кейін осы ақпаратты ресми дерек көздері растады" дейді Сергей Киселев.

"Еуразияның" басшысы ғаламтор арқылы осы арнаны жабуды талап етіп жатқандардың басым көпшілігі әлеуметтік желіде өтірік аккаунтпен отырғандар деп санайды. "IP-ге, интернет-мекенжайға қарасаңыз, олар Украина мен Ресейден. Бұл кімге керек, кімге тиімді, оны білмеймін, білгім де келмейді" депті Киселев.