«ҚР Парламенті Сенаты депутаттығына кандидат Сергей Плотниковке барлық деңгейдегі 308 депутаттың 262-сі дауыс берді. Екінші үміткер Виктор Кутовқа өз дауыстарын сайлаушылардың 45-і берген. Бір сайлау бюллетені жарамсыз деп танылды», - деп хабарлады ШҚО облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Александр Рукин.
Облыстық сайлау комиссиясы төрағасы Ерсайын Нәбиевтің ақпараты бойынша, дауыс беруге ШҚО депутаттық корпусының жалпы санынан 98,7 пайызы қатысты.
ҚР Парламенті Сенатының бір депутаттық мандатына төрт кандидат тіркелді. Өзін-өзі ұсынған Ержан Нұрбаев сайлау басталмай жатып кетіп қалды. Ол сайлау комиссиясына қажетті құжаттарын әкелмеген және тіркелмеген. Тағы бір үміткер - өзін-өзі ұсынған Александр Томашенко сайлау кандидаттығын өз еркімен алып тастады. Үшінші үміткер Виктор Кутовой да өзін-өзі ұсынған.
Ал Сергей Плотниковтың кандидатурасын Курчатов қаласының, Ұлан, Глубокое және Бесқарағай аудандарының депутаттары ұсынды.