Сергей Светлаков: «Осы фильмнен соң менің отбасыма төнген қауіп-қатер сейіледі деген үміттемін»

- Фильмде темір жол тақырыбы қозғалған. сіздің ата-анаңыз осы салада қызмет еткенін білеміз және де мамандығыңыз да аталмыш саламен тікелей байланысты. Бұл кинокартинаның дүниеге әкелуге себепкер болды ма?

- Менің өмірімде барлығы темір жолмен байланысты.  Өзім темір жол ауданында тұрдым, темір жол гимназиясында білім алдым, тіпті Темір жол университетін тәмамдадым. Әкем, анам, әжем, атам - бәрі темір жол саласында еңбек етті. Сол себепті осы фильмнен соң біздің отбасына деген "қарғыс" сейіледі деген үмітім бар. (бәрі жамырай күлді).

- Адамды күлдіру қиынның қиыны деген пікір бар. Осымен келісесіз бе?

- Жооқ, әрине келіспеймін! Бәрі оп-оңай!  Көріп тұрсыздар, міне, мен сөйлеп отырмын, ал сіздер күліп отырсыздар. (жымиды). Меніңше, бұл қиын емес. Ал екінші жағынан алып қарасақ, өмірді оңай дүние жоқ. Бірде-бір жеңіл мамандық жоқ. Бірақ, менің ойымша, егер адам өз қызметіне тым қатал қараса, оған оңай болмайды.

- Сіздің соңғы екі жұмысыңыз - «Горько»  және «Скорый «Москва-Россия», қазіргі қарапайым өмірді, яғни таптаурын болған тақырып болуы да мүмкін, бұл көздеген мақсатыңыз болды ма?

- Бұл мені қызықтырады. Егер өзім қатысқан барлық жобаны алып қарасақ, олар бір-біріне ұқсас.  «Наша Раша», «Прожектор Перис Хилтон», «Горько» және «Ёлки» - бұл, ортақ мақсатты құраушы буындар. Өмірімде  болып жатқан құбылыстарды қалт жібермеймін, бақылаймын. Бұл маған өте қызықты - қарқылдап күлу де, көл жасын көл қылып жылау да. Ең бастысы, түйсігімде өзім тұрып жатқан еліммен байланыста болғаны.

- Қазақстандық режиссерлерден ұсыныстар болды ма?

- Үнемі. Біреуімен келістім, бұйырса, Жаңа жыл алдында осымен үшінші рет түспекшімін. (күледі). Басқа ұсыныс әзірше түскен жоқ.

- Украинаға картина өзге атпен барады. Қандай атпен ұсынылмақ және неліктен атын өзгерттіңіздер?

-  Фильм қысқаша - «Скорый» деп аталмақ.  Саяси астары болмасын, көңілге кірбің ұялатпасын деген ниетпен осылай атауды жөн көрдік.  Сондай-ақ  жарнамадан: «Русские не сдаются!» деген сөздерді алып тастаймыз.

Сондай-ақ Сергей Светлаковтың тағы бір эксклюзивті  сұхбатын КТК телеарнасындағы "Другая правда" бағдарламасынан тамашалай аласыздар.