2015 жылғы желтоқсанда Серік Ахметовке бюджет қаржысын ұрлады, пара алды, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды және заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты деген айып тағылған болатын. Экс-премьер Серік Ахметов 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Желтоқсанның соңында Ахметовтың қорғаушылары апелляцияға шағым түсірді.
"Ахметовтың тарапы қылмыстық істің екі эпизоды "Канализациялық тазарту ғимараттары" және "
Топар жылыжайлары" бойынша мемлекетке келтірілген залал көлемін толық өтеді. Мемлекет табысына түскен сомма шамамен 2,2 миллиард теңгені құрайды", — деді Қазақстан жаңалықтары АА агенттігіне Ахметовтың қорғаушыларының бірі.
Сонымен, қорғаушының айтуынша, мемлекетке келтірілген залал көлемі толық өтелді.