Ахметовпен қатар бүгін Қарағанды индустриалдық паркінің бұрынғы директоры Анатолий Ессе мен Қазақстан өндірістік корпорациясының басшысы Әлжан Ақмолдаевтың да тергеу абақтысында отыру уақыты екі айға ұзартылды. Индустриалдық парк құрылысына бөлінген мемлекеттің миллардтарына қол салғандардың көшін осы үшеу бастап тұр. Ахметов Ессе арқылы Ақмолдаевқа қарасты фирмаға 5 миллиард теңгенің тапсырысын алып берген. Тиісінше Ақмолдаев Ахметовтың шетелдегі шотына 360 миллион теңгені сол ақшадан аударыпты. Осы істе күдікті ретінде Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев бастаған тағы 20-дан аса адам сотқа тартылмақ. Ал тергеу кезінде тіс жармаған Серік Ахметов атан түйеге жүк болатын 150 томмен Қарағандыдағы вилласында 2 айда танысып бітуі тиіс.
Еркеш Мәулен, Қазыбек би аудандық сотының судьясы:
-Қылмыстық іспен танысу үшін уақыт керек. Істің өте ауқымды екенін ескеріп, бұған екі ай мерзім кетеді деп санаймын. Сондықтан Ахметов Серік Нығмеұлын үймақамқа отыру мерзімі 18-ші сәуірге дейін ұзартылсын.
Loading...