Серік Ахметов түрмеден шықты


Серік Ахметов колониядан шығып, көлігіне отырып, кетіп қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Иә, қазір, әрине, үйге барамын", - деп жауап берді ол журналистерге.

Осыған дейін соттағылар Серік Ахметовтің қалайша бостандыққа ерте шығатынын түсіндіріп берген еді. 

Естеріңізге салсақ, Серік Ахметов 2014 жылдың қарашасында үй қамауына алынған болатын. Сот отырысы 2015 жылдың тамызында басталып, төрт айға жалғасты. Қылмыстық іс 338 томға жетті, оның 9 томы айыптау актісі. Жалпы 82 сот отырысы өтті. Іс бойынша 260 куәгерден жауап алынды. Процесске 4 мемлекеттік айыптаушы және 42 адвокат пен қорғаушы қатысты. Қазіргі заңнамаға сәйкес, соттың әділ өтуі үшін отырыстың ашық саясатын ұстану бойынша сәйкес шаралар жүргізілді. Ал 2015 жылдың желтоқсанында сот оны 10 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Келген шығынды өтегеннен кейін оның жазасы 8 жылға қысқарған.