Серік Ахметов жұмыс бабымен Парижге барады

Қазақстан премьер-министрі Серік Ахметов жұмыс бабындағы сапармен Парижге барады, деп хабарлады республика президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбібұллаев.


           "Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталес мырзаның шақыртуымен Қазақстан премьер-министрі Серік Ахметов жұмыс бабындағы сапармен Парижге 19-20 қыркүйек күндері барады", деді ол дүйсенбіде Астанада баспасөз мәсалихатында.
           Қазақстан премьері және халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы EXPO-2017 тіркелу досьесінің дайындығын талқылайды, оны қабылдаушы жақ, яғни Қазақстан аталмыш бюро хатшылығына осы жылдың соңына дейін өткізуге тиіс.
           Сонымен қатар, оның айтуынша, Парижде Қазақстан үкіметінің жетекшісі Франция премьер-министрімен және Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының бас хатшысымен кездеспек.