«Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының қаулысымен тергеу өтінішімен ҚР ҚК 176-бабы 4-бөлімі «б» тармағы бойынша айыпталған С.Ахметовтің үй қамағында болу мерзімі 3 айға, яғни 2015 жылдың 18 ақпанына дейін ұзартылды», - деді Ә.Жошева.
Еске сала кетейік, осыған дейін сот С.Ахметовке 2 айға дейін үй қамағында болу шарасын санкциялаған. Бұл мерзім 2015 жылдың 18 қаңтарында аяқталады.
Бұрын хабарланғандай, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде Қарағанды облысы мен Қарағанды қаласының «Сарыарқа» ӘКК» ҰК, «Металлургия-металл өңдеу» индустриялық паркі, «ҚазАгроҚаржы» АҚ бұрынғы басшылары Б.Әбдішев, М.Смағұлов, А.Эссе, Ғ.Рақымжанов және басқа да тұлғаларға қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша бірқатар аса ауыр қылмыстық істерді тергелуде. Тергеу істерінің аясында Серік Ахметов ұсталып, кейін оған айып тағылды.
Серік Ахметов 2009 жылдың қарашасынан 2012 жылдың қаңтарына дейін Қарағанды облысының әкімі болған. Кейін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, ҚР Премьер-Министрі қызметтерінде болған. 2014 жылдың 3 сәуірінен 22 қазанға дейін ҚР қорғаныс министрі болды.