Бұл бір жыл бұрын ғаламторды шарлап кеткен сурет. Баймағамбетов түрме серкесі ретінде ортада тұр. Ол бұрын ішкі істер министрлігін де басқарған еді. Ал Қарағанды облысындағыАК-159/6 абақтысында негізінен полиция мен прокуратураның бұрынғы қызметкерлері жазасын өтейді. Олардың арасына қандай сызат түскенін кім білсін, әйтеуір Баймағамбетов аяусыз соққыға жығылған. Оны кімнің ұрғанын тергеушілер анықтауы тиіс. Ал Қылмыстық атқару комитеті қандай да бір сұхбат беруден бас тартып отыр. Естеріңізге сала кетсек, Кеден комитетінің экс-төрағасы аймақтардағы бос орындарды 80 мың долларға сатты деген айыппен 10 жылға абақтыға жабылған болатын. Алайда Баймағамбетов кінәсін сол күйі мойындамай кетті.