Серік Күдебаевтың шекарадан "көрінбегені" хабарланды

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметі хабарлайды, - деп жазады Caravan.kz медиа порталы.

"ҰҚК Шекара қызметі азамат Серік Мырзақұлұлы Күдебаевтың (01.01.1965 ж.т.) ресми жұмыс істеп тұрған өткізу пункттері арқылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтпегенін хабарлайды.

🔹Бүгінгі күні шектес мемлекеттердің шекара өкілдері аппаратымен өзара іс-қимылда тексеру тағайындалды.


🔹Тексеру нәтижесі қосымша хабарланатын болады", - деп жазылған хабарламада.