Серік Сәпиев Ақтөбеде өтіп жатқан бокстан халықаралық турнирге байқаушы ретінде қатысуда

Бәсекеде бақтарын сынайтындар бокстан Азия және әлем чемпионы Галиб Джафаровтың сыйлықтарын сарапқа салмақ.

Турнирге қатысу үшін Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан мен Ресейден 14 салмақ дәрежесі бойынша 1997-1998 жылдары туған 100-ге жуық былғары қолғап шебері келді.

Жарысқа байқаушы ретінде бокстан Олимпиада чемпионы, ҚР еңбегі сіңген спорт шебері Серік Сәпиев те келді.

С. Сәпиев олимпиадалық резерв мектебінің аумағында орналасқан чемпиондар саябағындағы ағаштардың санын арттыруға үлес қосты. Ақтөбедегі бұл шағын саябаққа атақты спортшылармен 70-ке жуық ағаш отырғызылған.