Серік Сәпиев Мәжілісте әлеуметтік-мәдени мәселелермен айналысатын болады


Сондай-ақ, күні кеше Мәжіліс қатарын толықтырған Альберт Рау Қаржы және бюджет комитетіне мүше болып отыр. Бұған дейін ол ҚР Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарып келген болатын.

Өз кезегінде депутаттар Мансұрхан Махамбетов пен Артур Платоновтар да бір комитеттен екіншісіне ауысуға ниет білдіріп, Мәжіліс спикеріне өтінішпен шықты. М.Махамбетов Заңнама және құқықтық реформа комитетінде, А.Платонов әлеуметтік-мәдени даму комитетінде мүше болатын. Енді екеуі де Экология және жер қойнауын пайдалану комитетіне ауысқысы келіп отыр.