«Біздің боксшылар Өзбекстанға барды. Барлығы жақсы, команда дайын. Алдағы жекпе-жектерде жеңіске жетеміз деп үміттенеміз. Күрделі кездесу болады деп дайындалдық. Өзбекстандық боксшылар Әлем чемпионатында өздерін жұдырықтай жұмылған, мықты құрама ретінде көрсетті. Олардың мықты жақтарын білеміз. Жақсы дайындалдық. Ендігісі шаршы алаңда белгілі болады. Қазақстан жанкүйерін қуантамыз деп үміттенеміз.
«Uzbek Tigers» командасына қарсы біздің құраманың құрамы белгілі.
Ташкентте шаршы алаңға біздің клубтан Теміртас Жүсіпов, Мейірболат Тоитов, Асхат Уәлиханов, Мейірім Нұрсұлтанов және Еркін Мұхамеджан қатысады.