Бұдан былай 2012 жылдың олимпиада чемпионы - ҚБФ-ның спорттық директоры ретінде еліміздегі бокс саласының дамуын қадағалайтын болады. Қазір Серік басқару ісінің қыр-сырын меңгеруде, алайда бокс саласын одан артық білетін адамдардың санаулы екені шындық. «Мен бокстың ішкі жан-дүниесін білемін, - дейді Серік Сәпиев. - Өйткені мен бұл салада көптен бері жүрмін. Қазірдің өзінде білмейтінімді біліп, тәжірибе жинақтаудамын. Қазақстанның бокс федерациясына жаңа қызметімде де пайдамды тигіземін деп ойлаймын. Сол үшін барымды салатын боламын».
Сондай-ақ, спортшы ҚБФ-ның президенті Тимур Құлыбаевқа өзіне мүмкіндік бергені үшін алғысын білдіріп, сенімін ақтауға тырысатынын айтты.
ҚБФ-ның штабы Астанада орналасқандықтан, спортшы елордаға көшіп келмек. Олимпиада чемпионының сөздеріне қарағанда, әзірше ол өзі ғана келген, ал отбасы көшуге дайын болмағандықтан Қарағандыда қалып қойған.