Серік таяқ жепті деген сандырақты сандалтпайық - журналист

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы журналист өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

"Баяғыда Оспан деген ағамыз болды. Түріне қарасаң құдды Оспан батыр сияқты. Екі иығына төрт жігіт отыратындай іздәрөви кісі тұғын. Газ писадтридің моторын жалғыз өзі алып сала беретін қара күш.

Сол Оспан ағамыз өмірде өте салмақты адам. Той-томалаққа барғанда ептеп елу грамм ішетіні бар. Бір күні бір тойда көрші ауылдан келген бір жігіт Оспан ағамызға қайта-қайта тиісіп қоймапты. Күйеуінің сырын беске білетін жеңшеміз әлгі шошақайға ескертіп былай деген екен;

"Айналайын-ау, ұрынарға басқа ұлдар да бар ғой. Оспан ағаңмен ойнама, оның мінезін менен басқа ешкім біле бермейді. Оның үстіне елу грамм ішіп отыр. Қазір қатты ашуландырып алсаң өзіңе қиын болады"-депті.

Сөйтсе ол жігіттің өз ауылында "каратарис" деген атағы бар екен. Шап-шаң. Ауылдың жігіттеріне тиісіп қоймаған соң шалдар Оспанға шаптап жіберген.

"Құдай-ау, сенің арғы аталарың мықты төбелескен. Сенің бойың шағын болғанмен сенде үлкен рух бар. Сен анау жұрт айтып жүрген Оспанды да оңдырмай сабайсың",-деп жел беріп жіберген ғой.

Сол желдің күшімен келіп тұрған түрі екен. Ет жеп болған соң азғантай антракты болады. Жастар жағы билеп жатыр. Үлкендер есік алдына шығып жигулидің капотына дастарқан жайып жүз грамдарын ішіп әңгіме айтып тұрады.

Содан әлгі ұрынарға қара таппай жүрген қояншық Оспан ағайға тағы да келіп тиіседі. Қатты ашуланған Осекең сол қолымен желкесінен ұстап, оң қолымен борбайындағы екі жұмыртқасын қысып жарып жіберген екен.

Түн ортасы, айқай-шу. Анау борбайын ұстап ойбайлап жатыр. Ауданнан скори шақырып, у-шу болған.

Содан не керек, уақыт өтеді. Анау есін жиған. Арыз жазып сотқа берейін десе ұят қысып барады. Не дейді? Жұмыртқамды жарды дей ме? Кейін уақыт өте Оспанға келіп өзі кешірім сұрапты.

Осекеңде құдырет, кие бар деп еститін едік. Кешірім сұрап келген інісіне ақ батасын беріп, машинасына бір қой салып, пәленше деген дөңнің үстіне барып бауызда деген екен. Анау айтқанын екі етпей істеген. Араға ай салып борбайы қалпына келіп, будалайы қайтадан бас көтерген деседі.

Бүгін атақты чемпион, екінің бірі ала бермейтін "Баркер кубогының" иесі Серік Сәпиевті біреу ұрып кетіпті деп естідім. Серік ағаны өмірде 1-2 мәрте көрдім. Өте сабырлы жігіт. Менің білуімше чемпиондарға жәй адамды ұруға болмайды. Өлтіріп жіберуі мүмкін. Сондықтан, Серік таяқ жепті деген сандырақты сандалтпайық. Чемпиондар ешқашан жеңілмейді. Бір удармен көк байрақты көкке көтеру екінің бірінің қолынан келмейді. Батырымызды қадірлейік ағайын...", - деп жазды ол.