«Мені азаптады (...). Премьер-министр мен Мешімбаеваға қатысты түсініктеме беруге мәжбүрледі (...). Ешқандай уәде берген жоқ. Ұрып-соқты. Басыма пакет кигізіп, азаптады», - деді С.Тұржанов дүйсенбі күні аталған іске қатысты өткен сот процесінде.
«Олар қандай уәде беруші еді? Қол қой дейді, болды (...). Ешқандай қылмыс жасамасам, неге қол қоюым керек? Жынданып кеткен жоқпын ғой? Енді маған ар-ожданымды қорғап қалғаннан басқа ештеңе қалған жоқ», - деп қосты ол.
Анар Мешімбаеваның ісіне қатысты сот процесі 2013 жылдың 4-желтоқсанда басталған болатын.
Бюджет қаржысын жымқыру фактісі негізінде қозғалған қылмыстық іс бойынша Статистика агенттігінің экс-төрағасы А.Мешімбаева, оның орынбасарлары Нұрман Баянов пен Бірлік Меңдібаев және «КИІК» фирмасының құрылтайшысы С.Тұржанов айыпталып отыр.
С.Тұржанов 2010 жылы 9 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.