Сьерра-Леонеде Эбола салдарынан Рождество және Жаңа жыл тойланбайды


Мереке күндері әскерилер көшелерді бақылап, аталған бұйрықтың орындалуын қадағалайды. 

Сьерра-Леоненің негізгі діні ислам болғанымен, онда Рождество ауқымды тойланатын, деп хабарлады BBC.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпаратынша,   Гвинея, Либерия және Сьерра-Леонеде Эбола дертін жұқтырғандардың саны  18 188 адамды құрады. Оның 6 583 қаза тапты. Сьерра-Леонеде бұл кесел тез тарауда.