Сетевой бизнесте жұмыс істесем ба екен? - Жазира Байырбекова

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

Әнші өнер жолындағы әріптестерінің сетевой бизнесте жұмыс жасағанына қызықты ма, әлде, табыс көзі ретінде дұрыс көрді ма, әйтеуір бизнеске қызығушылық танытты.

Қазір сетевой бизнестің қарқынды дамыған заманы. Бұл бизнестің біреуінен өнім алсаңыз, енді біріне бір реттік ақша салып байып кетесіз деген өзіндік жоспармен жұмыстарын атқаруда. Алданған халық та жетерлік, нәпақасын тапқан да баршылық, байығандар да жоқ емес. 

Жазира ханымның да ойы болған іспетті.

"Сетевой бизнеске қалай қарайсыздар???
Мен ешқашан айлалысып көрмеппін.Өзім өнімін қолданып жүрген бір фирмаға тіркелсем ба екен?!
Бірақ ұяламын...", деп оқырмандарынан сауал тастады. 

Көпшілігі алаяқтың жұмыс деп жазды.

Әнші бүгінгі жазбасында: 

"Сіздермен алдыңғы постта ақылдаса келе, ешқандай сетевой бизнеске кірмеймін деп шештім.
Менің табиғатыма мүлдем келмейтінін сезіп те жүргенмін.
Одан да xалықтың арасында осындай сіңілдеріме бақыт тілеп жүре берейін!" деп бір шешімге келгендігін айтты.