Қазақстан делегациясын ҚР Энергетика және минералды ресурстар вице-министрі Болат Ақшолақов, ал Корея делегациясын Коммерция, индустрия және энергетика вице-министрі Ли Дже Хун басқарды. Тараптар Қазақстан аумағында біріккен өндірістер құруға байланысты маңызды сұрақтарды талқылады.
Қазақстандық делегация құрамында Энергетика және минералды ресурстар министрлігі, ҰК "ҚазМұнайГаз" АҚ және ғылыми-зерттеу құрылымдар өкілдері бар. Делегацияның Оңтүстік Кореяда болу барысында қызығушылық білдіретін компаниялардың басшылығымен кездесулері және "тамылжыған таң" елінің мұнайхимиядағы жетекші конгломераттарының өндірістік нысандарына баруы жоспарланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті