Севильядан Неапольге дейін - «Астана Опера» театрындағы концерт - АФИША

 Кастаньеттің ырғақты әрі динамикалық дыбысына орындалатын испандық би мен тореадорлардың алаңдағы суреттері ән кешінің ажарын аша түспек, деп хабарлайды «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі.  

Концертте шырқайтын театр солистері: Ж. Жарқымбаева, А. Капонова, С. Мұратбекова, М. Шотабаев, сонымен қатар тізімде шақыртылған  солист А. Жылтыргөзов бар. Сондай-ақ  алуан түрлі дауыстар байлығы - меццо-сопрано, колоратуралық, лирикалық сопрано, тенор және баритон тыңдарманды өзгеше   әуендерімен сусындататын болады.

Концертте өткен ғасырдың  көрнекті композиторлары: Ж.Массне, Ж.Бизе, Дж.Верди, Дж.Россини, К.Сен-Санс, Р. Леонкавалло және басқалардың музыкасы орындалады.