«Севол» паромының операторы қызметін атқарған компания директорына 15 жыл жаза кесуді талап етуде


Бұл туралы бейсенбі күні батыстың бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.
«Апаттың ауқымын, оператордың мәртебесі мен жауапкершілігін ескере отырып, айыпталушыны 15 жылға соттауды талап етеміз», - деді сот отырысында прокуратура өкілі.
71 жастағы Ким Хан Сикке қылмыстық салғырттық танытты деген айып тағылып отыр. Өйткені, апатқа ұшыраған паром үнемі артық адам мінгізіп келген.
«Севол» Оңтүстік Кореяның оңтүстік-батыс жағалауында сәуірдің 16-сында апатқа ұшыраған болатын. Апат кезінде кеме бортында 476 адам болған. Жолаушылардың басым бөлігі жағалаудағы курортты қалаға бет алған оқушылар еді.
Салдарынан 300-ден астам адам мерт болды.
Паромның капитаны мен команда мүшелерінің басым бөлігі құтқару қайықтарына мініп, апат болған жерден қашып кеткен.