Шағымдарды қараушы инстанция Гавыллатып Мұрзақұловқа белгіленген мерзімді азайтты


"Мырзақұловқа 311 баптың 5 тармағы бойынша белгіленген жаза 10 жыл 6 айға дейін азайтылсын, жеке мүлігі конфискіленсін, мемлекеттік қызмет атқару құқынан 7 жылға айырылсын”, деді Астанада дүйсенбіде сот төралқасының төрағасы Тілектес Бәрпібаев.
"Астананың коттедж қаласында орналасқан пәтерді мемлекет пайдасына конфискілеу туралы шешім жоққа шығарылсын. Сот актісінің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылсын”, деді ол.
Ұлттық компанияның экс-жетекшісі аса ірі көлемде пара алғандығы, заңсыз жолмен алынған ақшаны заңдастырғандығы үшін кінәлі деп танылған.
Істің материалдарына қарағанда, ол жақын туысқандары арқылы элиталық котедждің құрылысы мен Астанадағы екі пәтер үшін құрылыс компаниясына 77,1 млн теңге аударған және Алматы облысының Кербұлақ ауданында 90 мың долларға 342 гектар жер алған.
"Қазақстан ғарыш сапары" “Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдары ғарыштық саланы дамыту” мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін құрылған болатын.