«13 тамыз күні шамамен сағат 23:50-де Байзақ ауданында республикалық маңызы бар «Алматы-Ташкент» жолының 464-шақырымында «Ford-Transit» жолаушылар тасымалдайтын шағын автобустың жүргізушісі көлік тізгін басқара алмай, жол жиегінде тұрған «ГАЗ-53» жүк көлігіне соғылған, - деп жазылған ведомствоның хабарламасында. - Жүк көлігінің рөлінде Тұрар Рысқұлов ауданының 27 жастағы тұрғыны отырған».
Оқиға орнында «Ford-Transit» шағын автобусының үш жолаушысы мерт болды - біреуі 49 жаста, қалған екеуі 67 жаста. Олардың үшеуі де Өзбекстан Республикасының азаматтары.
Басқа жолаушылардың алтауы - 18,10 және 9 жастағы (Павлодар облысының тұрғындары), 20 жаста (Өзбекстан Республикасының азаматы), 49 жаста (ОҚО тұрғыны), сонымен қатар, 49 жастағы «Ford-Transit» шғын автобуысының жүргізушісі (Өзбекстан Республикасының азаматы) түрлі дене жарақаттарымен Байзақ аудандық және Тараз қаласының ауруханаларына жеткізілді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.