Шағын бизнес кәсіпорындары үш жылда 95 млрд. теңгенің несиесін алады - экономика министрлігі

Қ.Келімбетов биылғы жылы мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының несиелік мүмкіндіктерін арттыру үшін қосымша 10 млрд. теңге бөлінетінін еске салды. "Қор екінші деңгейлі банктер арқылы берілетін несиелерді кепілдендіреді",- деді министр. Оның айтуынша, "қор жалпы несиелердің 60-70 процентіне кепілдік береді". "Бұл дегеніңіз, бюджеттен жыл сайын 10 млрд. теңге қосыиша қаржы бөлінген жағдайда екінші деңгейлі банктер үш жылда 95 млрд. теңгенің несиелерін тарата алады",- деді Қ.Келімбетов. Оның пікірінше, "бұл - шағын кәсіпкерлік саласындағы ең басты проблема болып саналатын арзан әрі қолма-қол несиеге қол жеткізуге" мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Қ.Келімбетовтың айтуынша, биылғы жылдың сәуір айында экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі "Салық Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын парламентке ұсынады. Онда арнаулы салық режимін қолдану аясы кеңейтіліп, осындай өзгерістің игілігін тұтынатын шағын кәсіпорындар саны артады. Бұл заң жобасында сондай-ақ шағын кәсіпорындар үшін Қосалқы құн салығы бойынша жеңілдіктер қарастырылады. Мәселен, Қосалқы құн салығы бойынша тіркелу үшін қажетті ең төменгі айналым қаржысының мөлшерін қазіргі 12 мың айлық есептік көрсеткіштен 15 мың айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайту көзделген.