Шағын бизнеске арналған тіркеу алымы алып тасталады – Әділет министрлігі


Бұл туралы әділет министрінің орынбасары Бақытжан Әбдірайымов мәлімдеді.
«Қазір шағын бизнес субъктілері үшін кәсіпорындар құру және жабу кезінде тіркеу алымдарын алып тастау мәселесі тұр. Бұл Қазақстанда қолайлы бизнес ортаны дамыту жөніндегі мемлекет тарапынан қолдау болады», - деп бүгін Астанада президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі қысқаша баспасөз мәслихатында атап көрсетті.
Жылжымайтын мүлікке қатысты мәміле жасау кезінде бюрократиялық тәртіптемелер мен техникалық төлқұжатты азайту мақсатында шағын бизнес субъектілері үшін жарғылық капитал алып тасталады.
«Барлық база электрондық форматта болады, сондықтан бизнесмендерге өздерімен бірге техникалық төлқұжат алып жүру қажет болмайды, нотариустар тиісті база арқылы өздері тексеріп, көзін жеткізіп, осы мәмілені тіркеуі тиіс», - дейді Б.Әбдірайым.