Шағын футболдан «Қайрат» командасы мен ұлттық құрама арасында жолдастық кездесулер өтті


Оған бас бапкер «Қайрат» командасынан - 8, «Тұлпар» командасынан - 4, «БТА Футзал» командасынан - 3, «ӨзенМұнайГаз» бен «СКА-ЮГ» командаларынан екі-екі ойыншыдан шақырған болатын. Олар 24 қаңтар күні жолдастық кездесуде Алматының «Қайрат» командасынан 1:7 есебімен ойсырай ұтылды. Ал қарымта кездесуде 1:3 боп жеңілді. Бұл сайыста құрама сапынан Виталий Александров («Қайрат») пен Михаил Першин («БТА Футзал») алматылықтардың қақпасынан саңылау таба алды.