Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының несиелік қоржыны 1-шілдеден бастап 10 млрд. теңгеге ұлғайтылады

"Бұл қор шағын және орта кәсіпкерлікті дамытушы бірегей қаржылық супермаркетке айналуға тиіс",- деді үкімет басшысы.

"Біз шағын кәсіпкерлкті несиелендіруге бағышталған бұрынғы бағдардан бас тартып, арнаулы қызмет түрлерін қолданысқа енгізетін боламыз",- деді Д.Ахметов. Оның айтуынша, "тек несиелендіруге ғана емес, сонымен бірге шағын және орта кәсіпкерлікті сақтандыруға бағытталған шаралар қолданылады".
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ 1997-жылы құрылған. Қордың жарғылық капиталы 4,7 млрд. теңгені, жеке капиталы 4,9 млрд. теңгені құрайды. 2004-жылдың 1-қазанындағы жағдаймен қордың несиелік қоржыны 14,9 млрд. теңге болды.