Шағын несиелік ұйымдарды дамыту бағдарламасын 2010 жылға дейін ұзарту қажет - ҚР Индустрия және сауда министрлігі

"Шағын несиелік ұйымдарды дамыту жөніндегі бағдарламаны қазіргі бар даму институттары арқылы 2008-2010 жылдарға дейін ұзарту қажет деп санаймыз. Министрлік үкіметке осындай ұсыныс жасады", - деді В.Школьник.

Министрдің айтуынша, " шағын несиелік ұйымдардың саны жыл сайын өсе түсуде және 2008 жылдың 1 қаңтарындағы жағдаймен ол мыңды құрады".

Ал "Қазақстанда шағын несиеге деген сұраныс, БҰҰ сарапшыларының бағалауынша, жылына шамамен 800 млн долларды құрайды".

"Бюджетте осы мақсатқа шамамен 80 млн доллар бөлуге мүмкіндік болды, бұл қаржыны бөлуден түскен пайда, әрине, ауқымды", -деді В.Школьник.