Шағын қалаларды дамытуға бағытталған таңдаулы жобалар үкіметтің жеңілдетілген несиесіне ие болады

А.Судьиннің айтуынша, осынау бейресми байқау Қазақстандағы шағын қалаларды дамыту бағдарламасы ҚР парламентінде қабылданғаннан кейін өткізілмекші.

Жоба бойынша, кейбір шағын қалаларда қаланың құрылуына арқау болған кәсіпорындар қайтадан жаңғыртылса, кейбір қалаларда даму стратегиясының бағыт-бағдары өзгертіледі. Мысал ретінде ол Алматы облысындағы Текелі қаласын атады. Бұл қалада полиметалл өндіретін кен-байыту комбинаты жұмыс істегені белгілі. А.Судьиннің айтуынша, қазіргі таңда Текелі кенішіндегі полиметалл қоры түгесілгендіктен, қалалық әкімшілік мұнда туристік бизнесті дамытуға құлшыныс танытып отыр. Осы орайда қалада ірі ауылшаруашылығы институтын құру жөнінде ұсыныстар жасалған.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, шағын қалаларды дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға еліміз үкіметі үш жылда 7,5 млрд. теңге бөлуді жоспарлап отыр. Соның ішінде 1,5 млрд. теңге шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының жарғылық қорын ұлғайтуға, 750 млн. теңге (әр қалаға 15 млн. теңгеден) шағын қалаларға мақсатты трансферт ретінде бөлуге арналмақшы. Бұл қаржы шағын қалалардағы сумен қамтасыз ету, мектептер мен денсаулық сақтау нысандарын салуға жұмсалады.