Шағын және орта бизнес субъектілерін тексеру көлемі 2008 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша 29 пайызға төмендеді - Бас прокуратура

"2008 жылдың 5 айында елімізде шаруашылық субъектілерінің қызметіне 90 мыңнан астам тексеру жүргізілген. Оның ішінде 40 мыңнан астамы шағын және орта бизнеске тиесілі. 2007 жылдың алғашқы 5 айының сәйкес мәліметтерімен салыстырғанда тексерулер саны орта есеппен 29 пайызға азайған", - деп хабарлады бақылау органы.