Шағын және орта бизнесті қолдау - мемлекет саясатының іргетасы - ҚР президенті

"Бүгінде біз елімізде кәсіпкерлікті дамытудың келешегі төңірегінде айқын көзқарас қалыптастыра алдық",- деді ол.

Елбасының айтуынша, Қазақстан экономикасында шағын және орта кәсіпкерліктің үлес салмағы 25 процентті құрайды. Ел экономикасының жеке секторында тұрғындардың 60 проценті жұмыспен қамтылған. Соңғы жылдары мемлекетіміз кәсіпкерлікті дамыту бағытында 5 бағдарламаны жүзеге асырды. "Қазір шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған үдемелі шаралар туралы 2005-2007-жылдарға арналған жаңа ауқымды бағдарлама жобасы жасалуда",- деді Н.Назарбаев. "Біз кәсіпкерлікті аяқтан шалатын бюрократиялық тосқауылдарды мейлінше азайта түстік",- деді ҚР президенті.
Елбасының айтуынша, тек соңғы жылдары лицензиялы қызмет түрлері 350-ге азайды. "Кейбір лицензия түрлерін беру құқығы аймақтық деңгейге жүктелді, ал оларды беру процедуралары жеңілдетілді",- деді ол.