Шағын және орта бизнесті қолдауға бөлінетін мемлекеттік қаржының 61 % сауда саласына бөлінуде - Әмрин

"Егер салаларға қаржы бөлу жайына тоқталсақ, мұнда үлкен мәселе туындап отыр. Өкінішке орай, осы күнге дейін бөлінген қаржының 61 пайызы сауда саласына, делдалдық саласына кетіп, нақты секторға тимейді. Ал ел экономикасын әртатаптандыруға атсалысатын секторларлар мейлінше аз көлемде қаржыландырылады", - деді Г. Әмрин.

Басқарма төрағасы айтқанындай, былтыр қаржы екінші деңгейдегі банктер арқылы шағын және орта бизнес жобаларын қаржыландыруға бөлінген 48,8 млрд теңгенің 66% ғана игерілді. "Бүгінде 32 млрд теңгеден аса қаржы шағын және орта бизнеске берілді", - деп атап өтті ол.

Г. Әмрин айтқанындай, номиналды ставкасы 18% сәл төмен болса, ККБ ресурстар құны 16 % сәл жоғары, бүгінде ең тиімді пайыз болып отыр". Оның мәліметтері бойынша бір жобаның несиелендіру көлемі 14 млн теңгеден асады.

"Бұл түрлі банктерде 9 млн теңгеден 30 млн теңгеге дейін жетеді", - деп түсіндірді ол.

Төрағаның айтуынша "қаржы игеру жағы барлық банктерде жақсы жолға қойылған" және ол ескерткеніндей, үш айлық қаржы игеру осы жылдың 19 наурызында аяқталады. "Қаржы игеруді толық аяқтап, бұл көрсеткіш бойынша бірінші орында "Банк "ЦентрКредит", кейінгі орында БТА, "Қазком" және "Банк "Каспийский тұр", - деп толықтырды ол.

"Ал "Альянс Банктің" бұл тұрғыдан алғанда жағдайы қиындау және қаржыны игеру қарқындылығы жағынан артта қалып отыр. Үкіметтің шешімімен белгіленген басқа екінші деңгейдегі банктер өзінің міндеттерін толық атқаруда ", - деп есептейді Г. Әмрин.

"Ал аймақтарда қаржыны бөлу жағынан да бәрі ойдағыдай. Барлық аймақтар тиісті көлемде қаржылық қолдау алды ", - деп қорытындылады ол.