"Даму" қоры мен өңірлер тарапынан шағын және орта бизнесті қаржыландыруға қатысты айтар болсақ, 18 тамызда Павлодар және Ақтөбе облыстары облыстар арасындағы көшбасшы болып отыр. Олар премьердің тапсырмасын орындап, осы мақсаттарға 2 млрд теңге бөлді. Бұл ретте Павлодар облысы әкімдігінің жанындағы комиссия 34 жобаны қарастырып, оның 27-сін мақұлдап, екінші деңгейдегі банктерге жолдаған", - деді А. Дунаев.
"Қалған өңірлерде жобаларды белсенді қарастыру жүріп жатыр. Жалпы алғанда 753 жоба қарастырылып жатыр. Оның ішінде, Ақтөбе облысында 242 жоба, Солтүстік Қазақстан облысында - 115, Алматы облысында - 114, Қарағанды облысында - 66, Ақмола облысында - 61, Қызылорда облысында - 54, Маңғыстау облысында - 42, Жамбыл облысында - 16, Шығыс Қазақстан облысында - 4 жоба бар", - деп атап көрсетті ол.