"Шәй да бермеді": Мақпал Жүнісова қостанайлықтарға ренжулі

 Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

"Ал, Қостанайдағы концертіміз керемет өтті. Халық күшті жиналды, қошемет керемет болды. Бірақ, Қостанайдың бір бастығы да, мәдениеті де келген жоқ. Бізге шәй да берген жоқ. Қостанайлықтар, сіздерге рақмет, бастақтарыңыз нашар. Орнынан алып тастаңыздар", - деді Мақпал Жүнісова. 

Желі қолданушылары Қостанай халқының орыстанып, салт-дәстүрді ұмытқанын жазуда. 

"Орыс болып кеткен бе Қостанай? Басшы, әкімдері нашар болған ғой", "Қостанайлықтар орыстанып кеткен, құрмет деген қайда", "Халықтың ерке қызына бір шәугім шәй қимаған ба", "Оңтүстікке жетпейді ғой, ол жақ орыс боп кеткен", - деп жазды олар. 

Loading...