Айта кетейік, кешегі ойында «Барыс» командасы жергілікті «Металлургқа» жол беріп қойды. Ал «Трактор» (Челябі) «Юграны» (Ханты-Мансийск) жеңіп кеткен болатын. Енді, бүгін «Барыс» «Трактор» командасымен күш сынасып көрмек.
Айта кетейік, «Барыстың» барлық матчтарын «Қазспорт» телеарнасы көрсетеді. Бүгінгі ойын сағат 15:00-де басталады.