Шайбалы хоккей: «Барыстың» бүгінгі қарсыласы - «Югра»

Кеше «Барыс» Челябі қаласының «Тракторынан» басым түскен болатын. Ал бұған дейін жергілікті «Металлург» командасынан 0:4 есебімен ұтылды. Енді, «Трактордан» кейін астаналық клуб «Юграмен» кездеседі. «Барыс» әлі де екінші орынға таласа алады.


Айта кетейік, «Барыстың» барлық матчтарын «Қазспорт» телеарнасы көрсетеді. Бүгінгі ойын сағат 15:00-де басталады.