Ойынның қорытынды есебі - 3:2. Бұл жолы Евгений Блохин дубль жасап, екі бірдей шайбаның авторы атанса, Найджел Доус қарсыластардың қақпашысын бір рет қапы қалдырды. «Трактор» болса, екі шайбаны қайтара білді.
Айта кетейік, кеше «Барыс» жергілікті «Металлург» командасынан 0:4 есебімен ұтылған болатын. Енді, «Трактордан» кейін астаналық клуб «Юграмен» кездеседі. Ол ойын ертең, тамыздың 28-і күні өтеді. «Барыс» әлі де екінші орынға таласа алады.