Шайбалы хоккей: бүгін «Барыс» магнитогорлық «Металлургпен» кездеседі

Биылғы турнирге «Барыс» пен «Металлургтан» бөлек «Трактор» (Челябі) және «Югра» (Ханты-Мансийск) қатысуда. Бүгін «Барыстың» хоккейшілері «Металлургпен» кездессе, ертең «Трактор» командасымен күш сынасады. Ал арғы күні «Юграмен» шеберлік байқасып көрмек.


Айта кетейік, «Барыстың» барлық матчтарын «Қазспорт» телеарнасы көрсетеді. Бүгінгі ойын кешкі сағат 19:00-де басталады.