Шайбалы хоккейден «Барыс» Словакияның «Слованын» тізе бүктірді

Бірақ керісінше бүгінгі матчтағы алғашқы голды словактар соғып кетті. Бұл эпизодта  қарсы шабуылды нәтижелі соққымен түйіндеген Михел Миклик  мергендік танытты. Әлгі гол қамшы болып тиген айдын иелері ,   шабуылды одан әрі  үдете түсті. Нәтижесінде әр кезең сайын «Слованның» қақпасына қос шайбадан соққан астаналықтар  жанкүйерлерге тамаша жеңіс тарту етті. Осы ұтыстан кейін 62 ұпай жинаған «Барыс» өз конференциясында екінші, ал жалпы есепте төртінші орында келеді. Ертең астаналық хоккейшілер  өз айдынында Праганың «Лев» клубын қабылдайды. 

 

Алматыда көгалдағы хоккейден КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы Саян Шәйрмерденовты еске алу турниры болып өтті.

Алматының “Динамо” командасының капитаны болған даңқты шабуылшы көзі тірі болғанда 60 жасқа келер еді. Саян Шәймерденов қазақтан шыққан бірден бір талантты спортшы. Еске алу турнирына хоккейшінің жақын туыстары мен командалас достары жиналды. Ардагерлер мен жастар, төрт командаға бөлініп өзара кім мықтыны анықтады. Жарыс ұйымдастырушылары болашақта көгалдағы хоккейден дәстүрлі турнир ұйымдастыруды да қарастыруда.

 


“КТК” арнасында үлкен футбол кеші жалғасуда. Бүгін түңгі сағат 1:30 да сіздер біздің арнадан ливеркузендік “Байер” мен “Манчестер Юнайтед” арасындағы матчты тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

Ал топтық кезеңнің бесінші айналымында “Наполиды” қабылдаған “Боруссия” 3:1 есебімен жеңіске жетті. Алғашқы айналымда италиялықтарға 2:1 есебімен жол берген Юрген Клопп шәкірттері бұл жолы есе қайтарды. 10-ші минутта Марко Ройс пенальтиден есеп ашса, екінші таймда Якуб Блащиковски есепті еселеді. Бірақ “Наполи” футболшылары да қарап қалған жоқ. 71-ші минутта Лоренцо Инсинье таблодағы есепті 2:1 ге жеткізген. Алайда қалған уақытта Пьер-Эмерик Обомеянг қортынды есепті орнатты.  3:1 “Боруссияның” пайдасында. Бұл турда күтпеген есеп аз болған жоқ. Мәселен “Барселона” сыр алаңда “Аякстан” ұтылса, “Челси” “Базельге” 1:0 есебімен жол берді.