Сәрсенбіде фестивальді ұйымдастырушылар таратқан хабарламаға қарағанда, биыл конкурсқа қатысу үшін "Дебюттер", "Жастар киносы", "Студенттік кино" және "Анимация" секцияларынан 55 фильм іріктелген.
"Конкурстық бағдарламаның 5 қатысушысы Қазақстан өкілдері", делінген онда.
Конкурсқа сондай-ақ Австрия, Германия, Греция, Англия, Италия, Испания, Үндістан, Ресей және Жапонияның кинематографистері қатыспақ.
Ойын киносы бойынша қазылар алқасының төрағасы ресейлік режиссер Александр Митта, деректі кино бойынша қазылар алқасының жетекшісі кинорежиссер Андрей Герасимов.