Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі хабарлайды.
2017 жылы 1 қаңтарда аталған елді-мекендегі жылу қазандығының жарылу салдарынан тоғыз адам опат болып, екі адам зардап шеккен болатын. Оқиғаға байланысты күдікке ілінгендердің бірінің адвокаты айып тағылған шенеуніктердің ешқайсысы өздеріне кінәсін мойындамай отырғандығын айтты.
«Мен қазір қылмыстық іс материалдарымен танысып жатырмын. Оларға ҚР ҚК «Қызметтегі әрекетсіздік» 370-бабы бойынша айып тағылған», – деді белгілі себептерге байланысты өзінің аты-жөнін атамауды өтінген адвокат.
«Айып тағылған әкімдік қызметкерлерінің барлығы жұмыс істеп жатыр. Оларды ешкім қызметтерінен босатқан жоқ», – деді әкімнің баспасөз қызметі.