Артынша құрылған комиссия апатқа осы үйдің пеш жағушысын кінәлі деп тауып, оған іздеу жариялаған болатын. Күні кеше күдіктінің өлі денесі Шаханға жақын орналасқан саяжайлардың бірінен табылды.
"Қарағанды облысындағы саяжайлардың бірінен ер адамның мәйіті табылды. Белгілі болғандай, ол Шахандағы құлаған үйдің пеш жағушысы болып шықты, әйелі мәйітті көріп растады. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мәйіт 1 сәуір күні табылды. Денесінде ешқандай зорлықтың белгісі жоқ. Алдын ала болжам бойынша, ер азамат үсіктен қайтыс болған", - дейді Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.
Айта кетейік, жарылыстан кейін үйдің пешін жағумен айналысқан ер азамат оқиға орнынан қашып кеткен болатын. Оған полицейлер іздеу жариялады.