Шахизаданың жалғыз ұлы мен келіні ажырасып кетті

Шахизаданың ұлы осыдан төрт жыл бұрын отбасын құрған. Осы уақыт аралығында келінімді қызымдай көруге тырыстым деген ене оған артық ауыз сөз айтпапты. Соған қарамастан, отбасылық одақ ұзаққа бармаған.

“Балаларымның екеуінің айырылысып кеткені. Оны енді жасыратын ештеңесі жоқ. Тағдырдың жазғаны солай болар деп ойлаймын. Бірақ менің балам екі-үш күн бұрын үйленді. Қоймады, үйленуім керек. Анашым, сізді бақытты етуім керек. Қашанғы сіз мен үшін, немелеріңіз үшін қашанғы жылап жүресіз. Мен келін алып, сізді бақытты етуім керек деп қоймай қойды”, – дейді Шахизада.
Алғашқы жарымен тіл табыса алмаған Олжас көп ұзамай екінші мәрте отбасын құрған. Таяуда ғана ақ босаған аттаған жас келін Шахизаданың көңілінен шыққан секілді.

“Екінші келінім қазіргі кезеңде жас болғандықтан, көп нәрсені үйрену керек. Әлі жас. «Анашым, мама» – деп, тұр жаны қалмай. Енді біраз нәрсеге өзім үйрететін шығармын деп ойлаймын”, – дейді Шахизада.
“Аузы күйген үрлеп ішеді”. Алғашқы келініне жуастау болған Шахизада енді бұл қателікті қайталамаймын деп отыр.

“Келінімнің өзі де айтты. «Мені қатты еркелетіп жібердіңіз деп. Еркелетсем мен жақсы көргеннен еркелеттім», – деп.


Бірінші кездегі қателікті қазір енді жасамаймын. Қазір келінді, келіндей жұмсайын деп отырмын. Келін өзінің келін екенін білу керек. Енесі бар екенін білу керек”, – дейді әнші.

Әншінің ұлы Олжастың алғашқы некесінен Кәусар атты қызы мен Әлиқожа есімді ұлы бар.