Соңғы кездері «қара пиардың» дәл осы түрін қолданып, миллиондаған лайк үшін адам сенгісіз әрекеттерге барып жатқандар жетерлік. Олар танымал болу үшін бәріне дайын. Cолардың бірі Қалаулымның бұрынғы қатысушысы Ильяс Бордатханов телеарналардың бірінен төбе көрсетті.
Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қалаулымның экс-қатысушысы Ильяс Бордатханов студияға өзінің екі оққағары мен екі модель қызды ерте келіпті. Ильяс бұл образдары үшін олардың әрқайсысына кеміне 6 сағатқа 40-100 теңге аралығында ақы төлейтінін айтты.
Неліктен оққағармен келдің деген сұраққа:
"Менің істеп жатқан дүниемді кейбір ер азаматтар түсінбейді. Образ екендігін ұқпайды.Қазақтың менталитетін құртып жатсың деген хаттар өте көп келеді. Сол себепті мен өзімнің қауіпсіздігім үшін осылай жүремін."- дейді.
Және ол өзін әлемге әйгілі Дэн Билзерян- ға теңеді.
Жартылай жалаңаш қыздармен арзан пәтерде видео түсіріп, жасаған ерсі қылықтарына қарамастан Ильяс студияда отырған сарапшы, тележүргізуші Тахир Сұлтанмен сөзге келіп, жаға жыртысып қалды. Шырын Нарчаеваны сынға алған Ильяс жасап жүрген қылықтары одан жақсы деген тұжырымға келген сыңайлы.
Үстіндегі қымбат бренд киімдерін көрсеткен ол өзінің бұл қылығына мақтанатындығын жасырмады. Бірақ оған ақша қайдан келетіні жайлы нақты жауап берген жоқ.
Мұны көрген желі қолданушылары да қарап қалмапты.
"Қалаулымнан шыққандар осындай арсыз болады", "Шах-Керімнің тәлімін алған ғой енді, бірақ сен бала оңбайсың біліп жүр", "Ата-анасының соры", "Қарындас-әпкелерін ойламайтын әңгүдік, ертең сенің қызыңда дәл осылай жартылай жалаңаш денесін желіге салып ақша табатаын болады", "Хайп үшін өліп кетеді, оны Қалаулымға барғанына-ақ білуге болады ғой", "Намыссыз" -деген пікірлер қарша борады.
Сонымен қатар өзін донжуан-бабникпін деп санайтын Ақтөбелік Бекзат Жанзақовта өзін көрсетіп қалғысы келді.
Бекзат Жанзақов:
"Бай-қуатты әйелдерді еріксіз төсек қатынасына баурап аламын және мен ашық айтамын тек ақша үшін қарым-қатынастамын. Қазіргі қазақ жігіттері порожняк қой көбісі. Мен өзім қалағандай өмір сүремін. Ставка тігемін ақша ұтып аламын. Және көңілдестерімнің арқасында шетел асып демалып қайтамын" -дейді.
Ауадан келген ақшамен өмір сүретін донжуанның қазіргі уақытта тұрақты жұмысы, үйі, көлігі жоқ.
Дегенменде ол қазіргі өміріне мәз шалқып өмір сүріп жүр.
Өзін сымбатты санайтын Бекзатқа желідегі оқырмандар "Сүйкімсіз", "Қатынбас" деген лақап ат қойып алыпты.