Шахматтан Әлем чемпионаты: Қазақстан мен АҚШ командалары тең түсті

Бұл додада ел намысын қорғап жатқан Гүлісхан Нахбаева және Динара Сәдуақасова кешегі ойында қарсыластарымен тең түссе, Мәдина Дәулетбаеваның жеңісі қазақстандық команданы алға шығарған еді. Алайда Гүлмира Дәулетова ұтылып қалды. Есеп - 2:2. Ал әлем чемпионы - Қытай құрамасы француздарды айқын басымдықпен жеңді. Сондай-ақ, Ресей - Румынияны, Грузия - Түркияны, ал Украинаның шахматшы қыздары Үндістанды ұтты.

Бүгін Үндістан - Франция, Грузия - Қытай, Украина - Румыния және АҚШ - Түркия ойындары өтеді. Ал қазақстандықтар Ресей құрамасымен кездеседі.

Естеріңізге сала кетейік, Астанадағы «Думан» қонақүйінде өтіп жатқан әйелдер арасындағы шахматтан Әлем чемпионатының ойындарын www.worldchess.kz сайтынан он-лайн режимінде көруге болады.